Алматы облысында экономикалық қылмыс өршіп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында экономикалық қылмыс өршіп тұр

14.04.2014
Алматы облысында экономикалық қылмыс өршіп тұр
Алматы облысында экономикалық қылмыс өршіп тұр. Жыл басынан бері облыстық Қаржы полициясының қызметкерлері 172 қылмыстық іс қозғаған. Оның 93-і - экономикалық қылмыс. Сыбайластық жемқорлық бойынша жауапкершілікке 37 адам тартылды.
 
Биыл 27 наурызда 30 мың АҚШ доллары көлемінде пара бермек болғандардың жолы кесілді. Алматы облыстық Кедендік бақылау департаментінің «Алатау» кедендік тексеру орталығының екі қызметкері Қаржы полициясы өкілдеріне қомақты қаржыны тергеуалды тексеруде оң шешім қабылдау үшін ұсынған.
 
Ғалымжан Қошқарбаев,  Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы:
Күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 112-бабы, 5-тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Сот санкциясымен екеуі қамауға алынды. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.
 
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу