Азия чемпионатында жас шахматшылар 25 медаль еншіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азия чемпионатында жас шахматшылар 25 медаль еншіледі

21.06.2024

Алматыда Шахматтан жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатында қазақстандықтар 25 медаль иеленді. Оның 12-сі - алтын. 7 және 18 жас санатындағы ұлдар мен қыздар арасында өткен жарысқа 33 елден 650-ге жуық спортшы қатысты. Жас шахматшылар классика, рапид және блицте бақ сынасты. Ал қазақстандықтардың басты бәсекелесі болған Үндістан елі осы сайыста екінші орынды еншілесе, Ираннан келген спортшылар үштікті қорытындылады.

Айдана Қуантхан


Хабарламаларға жазылу