Әлем чемпионы Ербол Хамитов елге оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем чемпионы Ербол Хамитов елге оралды

31.01.2023

Әлем чемпионы Ербол Хамитов елге оралды. Жерлесіміз Швецияның Эстерсунд қаласында өткен парашаңғы және парабиатлоннан әлем чемпионатында алтын медаль иеленген еді. Жанкүйерлер мен қала жұртшылығы оны Елорда әуежайында ерекше ықыласпен күтіп алды. Аталған спорт түрінен әлем чемпионатында Қазақстан тарихындағы алғашқы алтын медаль. Сонымен қатар, Ербол Хамитов пара биатлоннан 7,5 және 12,5 метр қашықтықтарда сәтті өнер көрсетіп, қос бірдей қола медальді еншіледі.

Ақмаржан Ғафизқызы


Хабарламаларға жазылу