Шымкентте қала күніне орай конгресс холл ашылды
Шымкенттің республикалық маңызы бар дербес қала мәртебесіне ие болғанына бүгін 6 жыл толды. Осы мерекеде шаһар жұртшылығына тарту ретінде 2 мыңнан астам көрермен сыятын концерт залы ел игілігіне берілді. Осыдан екі жыл бұрын Президенттің тапсырмасына сай мәдени нысанның құрылысы басталған болатын.
Заманауи талапқа сай жабдықталған конгресс холл қалалық филармония өнер ұжымына берілді. Мұнда концерт және мәдени шаралардан бөлек халықаралық жиындарды өткізуге барлық жағдай жасалған. Залдарға кәсіби мультимедиялық жабдықтар орнатылған. Сондай-ақ екінші бөлігінде қолөнершілер орталығы мен шеберхана жұмыс істейді.
Нұсат Саттарұлы, Шымкент концерт филармониясы директорының міндетін атқарушы:
Мақсатымыз - 80 адамнан тұратын ұлт аспаптар оркестірін құру. Сондай-ақ қосымша әншілер, вокалды аспаптар ансамблі, этно-фольклорлық, жалпы музыканың әртүрлі жанрында толыққанды құрам болады.
Когресс холда бүгін алғашқы болып қала күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Мегаполис мәртебесіне ие болған 6 жыл ішінде қала халқының саны 234 мың адамға көбейді. Тұрғындардың табысы 15 пайызға артқан. Ал қала экономикасына тартылған инвестиция 203 миллиард теңгеге жеткен. Осының барлығы қаланың әлеуеті мен шырайын күн санап арттырып келеді,-деді қала әкімі.
ЮНЕСКО деңгейінде расталған 2200 жылдық тарихы бар қаламыз жылдар жылнамасына өзінің даму шежіресін алтын әріптермен жазып келеді. Жаңа идеялар мен жобалар, ауқымды инвестициялар қаланың дамуына жаңа серпін береді.
Салтанатты кеште қала басшысы тұрғындарды мерекемен құттықтап, шаһардың дамуына айырқша еңбек сіңірген жандарға Құрметті азамат атағын берді.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өзбекстанда қандастарымыз өз тілінде білім алады
18.09.2025, 10:11

Білім саласын цифрландыру - басым бағыттың бірі
18.09.2025, 10:10
Мамандар мемлекеттік қызметке онлайн түрде ғана қабылданады
18.09.2025, 10:09
Жер қойнауының жаңа картасы: Алғашқы лекте 100 мың шаршы шақырым аумақ қамтылмақ
18.09.2025, 10:08
Атырауда ірі газ-химия кешенінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр
18.09.2025, 10:06
Дін көшбасшылары: Дін - адамзатты біріктіретін құрал
18.09.2025, 10:05
Халық пікірі: Киберқылмыс тұрғындардың цифрлық қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді
18.09.2025, 10:03
Жол апаты: Қостанайда жыл басынан бері 50 адам көз жұмды
18.09.2025, 10:01