Германия Шотландияны ойсырата жеңді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германия Шотландияны ойсырата жеңді

15.06.2024

Көптен күткен Еуропадағы ала доп аламаны басталды. Кеше Германияның Мюнхен қаласындағы «Алянц-Арена» стадионында сайыстың ашылу салтанаты өтіп, алғашқы матчта Германия мен Шотландия құрама командалары кездесті. Ойынның нәитежесі мен соғылған голдар жайлы Мюнхенде жүрген әріптесім Ерсін Ерік тартқатып айтады.

Футбол жанкүйерлері көптен күнткен Еуро 2024 турнирі басталды. Германияның Мюнхен қаласындағы Мюнхен аренада жарыстың ашылу салтанаты өтіп, артынша Германия-Шотландия құрамалары арасындағы матчпен жалғасты. Жарыс қожайындары алғашқы минуттардан шабуылда белсенді ойнап, матчтың 10 минутында есеп ашып кетті. Голдың авторы Флориан Вирц.

Араға 9 минут салып Юлиан Нагельсман шәкірттері есепті 2-0 ге жеткізді. Бұл жолы Джамал Мусиала мергендігімен көзге түсті.

Бірінші тайм аяқталар тұста Шотландия футболшысы Райан Портеус қақпасының маңында ойын тәртібін бұзып, төреші алаң иелері пайдасына пенальти белгіледі. Нүктеге келген Кай Хаверц есепті 3-0 жеткізді. Ал Портеус сол бір әрекеті үшін қызыл қағаз алып кетті.

Екінші таймда Шотландия құрамасы есеп айырмасын қысқартқанымен алаң иелері тағы екі гол соғып, сенімді жеңіске қол жеткізді. 5-1.

Тони Кроос, Германия, құрамасының жартылай қорғаушысы:

Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Қарсыласқа доп бермей ойнауға тырыстық. Бүгін жігіттер жарады. Ең бастысы жарысты жақсы бастадық. Енді бүгінгі ойынды ұмытып, келесі кездесуге дайындықты бастауымыз керек.

Жеңіс оңай келмейді. Қарсыласқа доп бермей ойнауға тырыстық. Бүгін жігіттер жарады. Ең бастысы алғашқы матчта жеңіске жеттік. Енді Бүгінгі ойынды ұмытып, келесі кездесуге дайындықты бастауымыз керек.

 Ерсін Ерік


Хабарламаларға жазылу