Сауд Арабиясында қажылық тәртібін бұзғандар айыппұл арқалайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауд Арабиясында қажылық тәртібін бұзғандар айыппұл арқалайды

06.06.2024

Сауд Арабиясында қажылық кезіндегі ережелер мейлінше қатаңдатылды. Осыған байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәлімдеме жасады. Онда Саудия үкіметі қажылық тәртібін бұзғандарға айыппұл сала бастағаны айтылады. Мәселен, бес парыздың бірін заңсыз жолмен өтеушілер 10 мың сауд риалын төлеуге міндеттеледі. Бұл - 1,2 миллион теңге. Қажылыққа арнайы рұқсатсыз және жалған білезікпен барған 37 адам тұтқындалған. Заң бұзушылар жазасын өтегеннен кейін депортацияланады және белгілі бір мерзімге дейін Корольдікке кіруіне тыйым салынады. Қазір қажылыққа дайындық қызу. Мекке мен өзге де орындарда 140-тан астам көпір жөнделіп, 48 туннель салынды.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу