Елімізде жергілікті өнім көлемі 15%-ға жетпейді
Елімізде жергілікті өнімнің көлемі 15 пайызға да жетпейді. Ал өңірлер бойынша өндіріс орындарын көбейту керек. Жамбыл облысына барған Сенат депутаттары өңірдің өндіріс нысандарымен танысты. Халық қалаулылары жергілікті өнімді сыртқа шикізат қып шығаруды азайту керектігін айтты. Дегенмен депуттаттарды өнеркәсіптің дамуы бойынша облыста оң динамика қалып тастып отырғаны қуантты. Бүгінде Жамбылда жалпы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 259 млрд теңгені құраған. Ал өңдеу өнеркәсібі саласында 588 кәсіпорын жұмыс істейді. Ааймақта 2026 жылға дейін инвестициялық портфелі 2,5 трлн теңге болатын 70 жоба іске аспақ. Бұл қосымша 6 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Әлібек Нәутиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Мұнай болсын, осы заттардың бәрі шетелге шикізат түрінде кетіп жатыр. Ал жергілікті жерде оны өнім түрінде шығару, сату, оның құнын өсіруде көбіне жұмыстар жасалып жатқан жоқ. 10-15%-ға жетпейтін ғана біздің жергілікті өнім. Сондықтан осы мәселе шешілетін болса, ол біріншіден, адамдарға жұмыс орны болады. Екіншіден, бюджеттің салығы түседі. Үшіншіден, ең қымбат мәселе – нанотехнологияларды енгізу.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін 13 боксшымыз шаршы алаңға шығады
10.09.2025, 21:22

Халық пікірі: Әлеуметтік төлемдер шын мұқтаждарға ғана берілуі тиіс
10.09.2025, 21:06
Халық партиясы Президент Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді
10.09.2025, 20:52
ШҚО-да 104 млрд теңгенің 11 жобасы жүзеге асып жатыр
10.09.2025, 20:50
Мемлекеттік кеңесші аналитикалық құрылымдардың басшыларымен жиын өткізді
10.09.2025, 20:44
Е.Қошанов: Бір палаталы Парламент партиялардың рөлін де, беделін де арттыра түседі
10.09.2025, 20:42
Абай облысында инвестициялық жобалардың саны үш есеге артты
10.09.2025, 20:42
Мәжілісте ең төменгі жалақыны белгілеу туралы заң қаралды
10.09.2025, 20:33