Қазақстандық студенттер IT саласында үздік деп танылды
IT саласында білім алып жатқан қазақстандық студенттер Қытайда өткен әлемдік додада бірінші орындарды иеленді.
Жастар «Computung» және «Cloud» бағыттары бойынша бақ сынап, екеуінде де үздік шыққан. Олардың арасында Ақтау университеті «Ғылым және технология» факультетінің 4-курс студенті Оралбай Өтебай да бар. Ол «Computung» бағытына қатысқан топтың басшысы болып, жоғары нәтиже көрсеткен. Олар 8 сағаттың ішінде мәліметтер базасын құрып, бағдарламаны серверлік процессорларға тасымалдап, операциялық жүйе құрған. Айта кетейін, әлемдік сайысқа 90 мемлекеттен 170 мың студент қатысқан.
Оралбай Өтебай, студент:
«Computung» бағыты үш үлкен тапсырмадан тұрды. Ол операциялық жүйе, мәліметтер базасы және серверлік процессорлар. Біздің негізгі міндет - бағдарламаны процессорларға тасымалдау жүйесін орнатып, мәліметтер базасын құру, импорттау, белгілі бір сұрауларды жасау керек болдық. Бұл бағыт бойынша әр елден 36 команда қатысты. Тек біз бәрін дұрыс жасап шықтық.
Гүлназ Жылқышбаева, ғылым және технология факультетінің ассистент профессоры, нұсқаушы:
Қазіргі таңда 5G технологиялары, бұлттық технология және жасанды интеллектінің маңызы өте зор. Қазақстан студенттері осындай байқауға қатысқанына біз өте қуаныштымыз.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тарихшы: ІІ д.с. кезінде немістер еліміздің батысын ұшақпен шабуылдаған
11.09.2025, 14:27

Жаңа салық кодексіндегі өзгерістер кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған
11.09.2025, 14:24
2026 жылдан бастап Ақтөбе әуежайында тасымал еселеп артады
11.09.2025, 14:21
Қызылорда облысында 41 мыңнан аса адам мемлекеттік жәрдемақы алады
11.09.2025, 14:18
Жасанды интеллект – бәсекеге қабілетті ел болудың кепілі
11.09.2025, 14:15
Кубада миллиондаған халық тағы да жарықсыз отыр
11.09.2025, 14:12
Непалда коменданттық сағат мерзімі ұзартылды
11.09.2025, 14:09
Түркістан облысында жалған құжатпен миллиондап субсидия алғандар анықталды
11.09.2025, 14:06