Қызылордада мұғалім өз әріптесін өлтірді деген күдікпен ұсталды. Қайғылы оқиға қалаға қарасты Қызылжарма елдімекенінде болған.
Екінші маусымға қараған түні екі азамат ерегісіп, арты төбелеске ұласқан. Жанжал кезінде біреуі екіншісінің мойын тұсына пышақ сұғып алған. Мертіккен 35 жастағы қала тұрғыны жедел-жәрдем келгенше қайтыс болды. Белгілісі екеуі де дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Әділбек Серікұлы