Футболдан ұлттық құрама бас бапкері қызметінен кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан ұлттық құрама бас бапкері қызметінен кетті

31.05.2024

Футболдан ұлттық құрама бас бапкері Магомед Әдиев қызметінен кетті. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті. Мұндай шешімді ол отбасылық жағдайына байланысты қабылдады, дейді Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов. Ал жаңа бапкер кім болатыны келесі аптада белгілі болады. Естеріңізге салайық, Магомед Әдиев футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне 2022 жылы тағайындалған еді. Ұлттық құрамамен бірге Еуро-2024-ке іріктеу турнирінде рекордтық көрсеткіш көрсетті.

Қаракөз Тұрмағамбет


Хабарламаларға жазылу