Алексей Ни қызметінен кетті

26.11.2016
Ауыр атлетикадан Ұлттық құраманың бас бапкері Алексей Ни қызметінен кетті.

Ол Ұлттық құраманы 1994 жылдан бері басқарып келді. 22 жыл ішінде оның басшылығымен ауыр атлеттер алты Олимпиадаға қатысты. Қоржынға қомақты жүлде салды. Алайда, жыл басында басталған допинг дауы нәтижесінде Халықаралық олимпиада комитеті спортшыларымызды бес алтын, бір күміс, бір қола медалінен айырды.

Алексей Ни өзінің қызметінен кету себебін айтып берді.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу