36 мың кәсіпкердің құқығы қорғалды
Ал экономиканы дамытуда маңызы зор шағын және орта бизнестің қызметіне кедергі келтіретіндер азаймай тұр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет былтырдан бастап 36 мыңнан астам кәсіпкердің құқығын қорғаған. Нәтижесінде заңсыз әрекетке барған 12 адам жауапқа тартылды. Оның 7-еуі мемлекеттік органда лауазымды қызмет атқарған. Мәселен биыл Астана қаласының Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы әкімшілік жауапқа тартылды. Ол мемлекеттік сатып алу кезінде заңбұзушылық болғаны жөнінде жалған хабарлама енгізген. Оған 50 айлық есептік көрсеткіш, яғни 184 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарағанды облысында жаңа көпірдің арқасында қатынас жеңілдеді
05.11.2025, 21:12
Қостанайда жел электр станциялары салынып жатыр
05.11.2025, 21:10
Сарапшы: С5+1 саммиті Транскаспий дәлізінің мүмкіндігін арттыруға жол ашады
05.11.2025, 21:06
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2025, 21:00
Ақтөбе облысында мал ұрлығы тыйылар емес
05.11.2025, 20:55
Павлодар облысында малын қараусыз қалдырғандар айыппұл төледі
05.11.2025, 20:42
Алматыда әуе рейстері кешігіп жатыр
05.11.2025, 20:39
«Интер» - «Қайрат» матчын «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
05.11.2025, 20:38