Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады
Экстремистік көзқарастағы 139 шетелдік Қазақстанға кірмек болған. Олардың жолын кестік деген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев бүгін Президентке есеп берді. Оның айтуынша, күдікке ілінген тағы 280-нан астам шетелдік елден шығарылып, 19-ы жауапқа тартылған. Сондай-ақ тыйым салынған діни әдебиеттерді Қазақстанға заңсыз әкелуге қатысты да 190-нан астам дерек тіркеліп, тосқауыл қойылған. Заңсыз айналымдағы 5 мыңға жуық оқ-дәрі, қару-жарақ пен жарылғыш заттар тәркіленген. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы жұмыстарды күшейту жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауғанстандағы зілзаладан соң мыңдаған адам далада қалды
12.09.2025, 14:12

Бразилияның экс-президенті 27 жылға сотталды
12.09.2025, 14:09
Ресейде ХІ Халықаралық біріккен мәдениеттер форумы өтті
12.09.2025, 14:06
Премьер-министр LuLu Group басшысымен кездесті
12.09.2025, 14:03
Ақмола облысында екі жігітті көлік қағып кетті
12.09.2025, 14:00
Инвестиция тартудың жаңа кезеңі басталады
12.09.2025, 10:53
Ақмолалық инспекторлар «Игі істер» акциясы аясында зейнеткерлерге көмектесті
12.09.2025, 10:23
Жетісу облысында жедел жәрдем көліктері табысталды
12.09.2025, 10:21