Астаналықтарды демалыс күндері жауған жаңбыр әбіргерге салды
Жаңбыр жауса елорда көлге айналып, тұрғындар толарсақтан су кешеді. Өткен демалыс күндері ауа райы құбылып, бас қаланың халқын әбден әбігерге салды. Көшеде көліктердің жүріп-тұруы қиындады. Себеп: суағарлар жоқ. Бар болса да жиналған суды бұруға қауқарсыз. Демалыс күндері жауған жаңбыр халықты әбіргерге салды. Құбылмалы ауа райының зардабын әсіресе сол жақ жағалаудың тұрғындары көрді. ЭКСПО аумағынан бастап, орталық көшелерге дейін көлге айналып, көліктер қайықша қалқып, халық толарсақтан су кешті.
Жыл сайын қайталанатын бұл жағдай халықтың әбден жүйкесін тоздырғандай. Елорда атанғалы 30 жылға жуықтаған қалада әлі күнге суағар желісі дұрыс жолға қойалмаған, - дейді, халық.
Түйткіл 2020 жылға дейін шешілуі керек еді. Жоспарға сай, қаланың басты көшелеріне суды бұрып әкететін арықтар мен арналар салынуы тиіс болған. Бірақ, меже іске аспай қалды ма, әлде еткен еңбектен кеткен кемшілік көп пе әйтеуір қалалық әкімдік әлі күнге мәселені біржақты ете алмай келеді.
Бахтияр Ғарифуллин, «Elorda Eco System» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК бас директоры:Кеше 29/2 көшесінде яғни, ЭКСПО аумағын су шайды. Оның себебі сол маңда жұмыс істеп жатқан құрылыс компаниясы кәріз коллекторын зақымдаған. Біз бұл жағдайға қатысты Табиғатты қорғау полициясына шағымдандық. Тағы үш участкеде Тұран-Ұлы Дала, Тұрар-Керей-Жәнібек хандар және Тұран-Бұқар жырау көшелерінің қиылыстарын су шайды. Аталған участкелердегі суағар желісінің тозығы жеткен. Сондықтан жаңбырдың суын бұрып әкетуге қауқарсыз.
Бүгінде қалада жаңбыр және қар суы ағатын ұзындығы 562 шақырымдық кәріз желісі бар. Оның 50 пайыздан астамы тозған. Сондықтан күрделі жөндеуді талап етеді. Ал, кейбір көшелерде суағар атымен жоқ.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:Қалада суағары жоқ шағын аудандар да жетерлік. Солардың бірі - мына біз тұрған Шұбар ықшам ауданы. Көріп тұрғандарыңыздай мұнда жаңбырдан кейін су жиналған. Бұл су ешқайда кетпейді. Тек уақыт өтуімен буланып, ауа ұшып сарқылады.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері елордада нөсер жауады. Суағарлар мен кәріз желілеріне жауапты мекеме басшылары шамадан тыс жауын-шашын болса, қала көшелеріне су толмайды деп кепілдік бере алмайтындарын жеткізді. Ал, тозығы жеткен желілерді жаңартуға бірнеше жыл керек.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Qazaqstan және Qazsport: Бүгін 6 боксшымыз шығады
12.09.2025, 14:33

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына серпін қажет
12.09.2025, 14:24
ШҚО-да дәрігерлер ЖИ қолдана бастады
12.09.2025, 14:21
Сот жүйесіне жасанды интеллект енгізілді
12.09.2025, 14:18
Америкалықтар 11 қыркүйек құрбандарын еске алды
12.09.2025, 14:15
Ауғанстандағы зілзаладан соң мыңдаған адам далада қалды
12.09.2025, 14:12
Бразилияның экс-президенті 27 жылға сотталды
12.09.2025, 14:09
Ресейде ХІ Халықаралық біріккен мәдениеттер форумы өтті
12.09.2025, 14:06