Сенатта өңдеу өнеркәсібі саласындағы мәселелер талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенатта өңдеу өнеркәсібі саласындағы мәселелер талқыланды

24.05.2024

Өңдеу өнеркәсібінде, кадр тапшы әрі қаржыландыру мардымсыз. Жетекші сектор, әлі күнге дейін импортқа тәуелді. Сенатта өнеркәсіп саласындағы проблемаларға қатысты парламенттік тыңдау өтті. Депутаттардың айтуынша, отандық шикізаттың жекелеген түрлері қымбат. Бұл қайта өңделген өнімнің бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. Әрі, кәсіпорындар пайыздық мөлшерлемесі жоғары несилердің машақатын тартып отыр. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың сөзінше, орта бизнестегі өндірушілерді қолдау маңызды. Сондықтан аталған санаттың ерекшелігін ескере отырып, оларды ынталандырудың жаңа тетіктерін әзірлеуді ұсынды. Қазір Үкімет алдында, 2029 жылға қарай ұлттық экономиканың көлемін 2 есеге ұлғайтып, оны 450 миллиард долларға жеткізу міндеті тұр.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы: 
Өңдеу секторы әлі күнге дейін импортқа тәуелді болып қалып отыр. Бұл әсіресе, технологиялық өнімдерге және шикізатқа қатысты екенін айта кеткен жөн. Нарық қажеттіліктеріне жауап беретін білікті мамандарды даярлау жұмысында, білім беру мекемелері мен кәсіпорындар өз араларында байланысты нығайту керек. Жалпы өңдеуші сектордағы ахуалды жақсарту үшін мемлекет, бизнес, депутаттар және ғылыми-білім беру мекемелері бірлесіп, кешенді әрі жүйелі жұмыс жүргізуі тиіс.


Хабарламаларға жазылу