Басты Жаңалықтар Құлсарылықтардың мүлкін бағалау жұмыстары апта соңына дейін аяқталады

Құлсарылықтардың мүлкін бағалау жұмыстары апта соңына дейін аяқталады

Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың мүлкін бағалау жұмыстары осы аптаның соңына дейін аяқталады. Бұл жөнінде жергілікті штаб мәлімдеді.

Осы күнге дейін 100-ден аса тұрғынның жеке шотына қаражат аударылды. 357 адам өтемақы алу туралы келісімге қол қойды. Ал мыңнан аса үйдің сараптамасы дайын. Залалды бағалау жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр.

Тәуірбек Бозекен

Бөлісу