Алматы мен Астанада ипотекаға сұраныс артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы мен Астанада ипотекаға сұраныс артты

22.05.2024

Бұл туралы бірінші несие бюросының сарапшылары мәлімдеді. Биыл төрт айдың ішінде екі қалада ипотека алуға өтініш бергендер саны 47 мыңнан асқан. Мамандар бұл нәтиже соңғы үш жылдағы орташа көрсеткішпен теңесті, - дейді. Ал мақұлданған өтінім 33,4 пайызға жетіп отыр.

Өзге аймақтарда керісінше ипотека алуға өтініш берушілердің саны күрт азайған.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу