Астана мен Алматыда ипотекаға сұраныс артқан. Бұл туралы бірінші несие бюросының сарапшылары мәлімдеді. Төрт айдың ішінде екі қалада ипотека алуға өтініш бергендер саны 47 мыңнан асқан. Мамандар бұл нәтиже соңғы үш жылдағы орташа көрсеткішпен теңесті дейді. Ал мақұлданған өтінім 33,4 пайызға жетіп отыр. Ал өзге аймақтарда ипотека алуға өтініш берушілердің саны күрт азайған.
Тәуірбек Бозекен