Астанада ШЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті
Қазақстан Шанхай Ынтымақтастығы ұйымына абыроймен төрағалық етті. Бұл туралы ұйымға мүше елдердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысында, Ұйымның бас хатшысы Чжан Мин айтты. Жиында делегация басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы халықаралық және өңірлік ахуал, қауіпсіздік және ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты. Әсіресе экстремизм, терроризм, сепоратизмге қарсы күрес мәселесіне ерекше назар аударды. Сондай-ақ биыл Елордада өтетін Астана саммитінде қаралатын мәселелер мен құжаттардың реті пысықталды.
Чжан Мин, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының бас хатшысы:Қазақстан тарапы ұйымға абыроймен төрағалық етті. 180-нан астам шара ұйымдастырды. Қазақстандық әріптестеріміз осы миссия барысында өздерінің бастамасымен жарияланған «Экология жылы» аясында қоршаған ортаға, одан бөлек, экономикалық, инвестициялық, Көлік, мәдени гуманитарлық тақырыптарға ерекше назар аударды. Жазда Астана саммиті де мазмұнды әрі маңызды болатынына сенімдімін. Өз тарапымыздан жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Боксшы қызымыз Назым Қызайбай жартылай финалға шықты
12.09.2025, 18:46

Жетісу облысында заңсыз төгілген 146 қоқыс орны анықталды
12.09.2025, 18:44
Отбасы күні қарсаңында 70 жыл отасқан жұптар бас қосты
12.09.2025, 18:42
Мыңдаған отбасы қолдау орталықтарынан көмек алды
12.09.2025, 18:40
Жетісу облысында «Еңбек жолы» байқауы өтуде
12.09.2025, 18:39
Еңбек адамы: Оқушылары озат ұстаз
12.09.2025, 18:37
Алматыда Ассамблея жастарының Халықаралық слеті өтті
12.09.2025, 18:34
Астанада жас дінбасылардың II форумы өтеді
12.09.2025, 18:32