«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Маңғыстауда
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Маңғыстау облысы Шетпе станциясына аялдады.
Пойызда 40 маман бар. Олар медициналық қызметкерлер мен дәрігерлер. Сондай-ақ,биыл әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен, медициналық пойызға кәсіби медиаторлар да қосылды. Мамандар Шетпе ауылында 2 тәулік бойы тұрғындарға тегін дәрігерлік және құқықтық көмек көрсетеді. Дәрігерлер қажет болған жағдайда операция жасауға, жоспарлы емдеуге жолдама береді.
Нұрболат Жұмағалиев, Шетпе ауылының тұрғыны:
Жақсы қаралып шықтым. Жүрегімді қаратайын деп келдім. Бәрі де жақсы. Осындай вагон жиі келіп тұрса, 6 айда бір рет келіп тұрса жақсы болар еді. Халыққа жақсы көмек болады деп ойлаймын.
Айнұр Егінбаева, «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының бас дәрігері:
Анализдер тапсыра алады. Электрокардиограмма, эхоэнцефалография, мамография, рендгеносы барлығы бар бізде. Тегін түрде халық келіп өте алады. Бізбен бірге юрист, медиатор мамандарымыз бар. Ол кісілерге де халық келіп, тегін түрде консультациясын алады.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әмеңгер» фильмі көрерменге жол тартты
18.09.2025, 22:29

Қазақстанда жасанды интеллект министрлігі құрылады
18.09.2025, 22:18
Президент Туризм және спорт министрін қабылдады
18.09.2025, 22:14
Hyundai көліктеріне төмен пайыздағы несие ұсынылады
18.09.2025, 21:38
Суперкомпьютер – жасанды интеллекттің қозғаушы күші
18.09.2025, 20:17
Ресей православ шіркеуінің басшысы Қасиетті Успен кафедралдық соборында молебен өткізді
18.09.2025, 20:09
Қазақстан бүкіл әлемге үндеу жасады
18.09.2025, 20:07
Мемлекет басшысы Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады
18.09.2025, 20:05