Әлем елдерінің лидерлері де, Иран президентінің қазасына байланысты көңіл айтып жатыр. Ибрахим Раиси тікұшақ апатынан қаза тапты. Президент және сыртқы істер министрімен қоса тікұшақ бортында бірнеше адам болған. Барлығы мерт болды. Раиси жексенбіде елдің Шығыс Әзербайжан провинциясында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен бірге жаңа бөгетті іске қосу рәсіміне қатысып, кейін жолда опат болды. Тікұшақ сынықтары Әзербайжан мен Түркия шекарасына жақын маңдағы таулы аймақтан табылған. Апаттың себептері әлі анықталған жоқ. Иранның жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, бұған ауа райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін. Оқиға болған кезде айналаны қалың тұман басып тұрған. Мемлекет басшысының қазасынан кейін 50 күн ішінде Иранда кезектен тыс президент сайлауы өтуі тиіс. Иранның жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи президенттің қазасына байланысты елде бескүндік қаралы күн жариялады.
Арай Төлегенқызы