Қытай нарығында Қазақстанның экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі артуы мүмкін. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектенов Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Лю Гочжунмен кездесуінде айтты.
Жалпы бір жыл ішінде Аграрлық-өнеркәсіптік кешен өнімдерінің тауар айналымы 1,7 есеге өскен. Сондай-ақ Қытайға экспортталған отандық ауыл шаруашылығы тауарларының көлемі 84%-ға артқан. Бұдан бөлек тараптар екі ел экономикасын бірлесіп жаңғырту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Лю Гочжун Қытайдың жасанды интеллект, электронды коммерция, спутниктік байланыс және «жасыл» энергетиканы дамыту саласындағы ынтымақтастықты арттыруға деген ниетін жеткізді.
Асылбек Данияр