Шикізаттық емес экспорт үлесін 2022 жылға қарай 1,5 есеге өсіру керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шикізаттық емес экспорт үлесін 2022 жылға қарай 1,5 есеге өсіру керек

14.10.2019

Шикізаттық емес экспорт үлесін 2022 жылға қарай бір жарым есеге өсіру керек. Осы ретте Қытай нарығын бағындыру — басты мәселе. «Бірақ ол оңай шаруа емес»,-дейді мамандар. Бүгін Бүкіл әлемдік стандарттау күні экспортқа әлеуетті отандық кәсіпкерлер үшін форум өтті. Олар білуі тиіс қатаң талаптар түсіндірілді. Яғни тауар Қытай стандартына сәйкес болмаса, саудаға шығарамын деу бос әуре. Оның үстіне онда салалық, жергілікті, қауымдастық және кәсіпорындық сынды стандарт түрлері көп. Демек жөнелтілетін өнім стандарты айқындалады. Бүгінге дейін Қытайға азық-түлік тауарларының 48, ал өнеркәсіптік өнімнің 20-ға жуық түрі экспортталған.

Серік Құсайынов, Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары:

Қытайға тауарларды өткізу деген өте қиын. Бірақ заң бойынша болады. Біздер сол үшін олардың заңнамасын дұрыстап талқылауымыз керек. Соның ішінде кеден, сертификаттау, стандарттау ережелері бар. Өте бюрократиясы көп…

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу