Қытай нарығына шығу мүмкіндіктері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай нарығына шығу мүмкіндіктері талқыланды

14.10.2019

Шикізаттық емес экспорт үлесін 2022 жылға қарай 1,5 есеге өсіру керек. Осы ретте Қытай нарығын бағындыру - басты мәселе. «Бірақ ол оңай шаруа емес», - дейді мамандар.

Бүгін Бүкіләлемдік стандарттау күні экспортқа әлуетті отандық кәсіпкерлер үшін форум өтті. Оларға білуі тиіс қатаң талаптар түсіндірілді. Яғни, тауар Қытай стандартына сәйкес болмаса, саудаға шығарамын деу бос әуре. Оның үстіне онда салалық, жергілікті, қауымдастық және кәсіпорындық дегендей стандарт түрлері көп. Демек жөнелтілетін өнім стандарты айқындалады. Бүгінге дейін Қытайға азық-түлік тауарларының 48, ал өнеркәсіптік өнімнің 20-ға жуық түрі экспортталған. Оның көлемін көбейту негізінде мемлекеттік органдар арасында келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Серік Құсайынов, Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары:

Қытайға тауарларды өткізу деген өте қиын. Бірақ заң бойынша болады. Біздер сол үшін олардың заңнамасын дұрыстап талқылауымыз керек. Соның ішінде кеден, сертификаттау, стандарттау ережелері бар.

Нысаналы Ығыл


Хабарламаларға жазылу