Су басқан өңірлердегі 55 мыңнан астам тұрғын үйіне оралды. Ал уақытша орналасу пунктерін 5300-ге жуық адам паналап отыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облысында бөгеттерді нығайту, су сору жұмыстары жалғасып жатыр.
Өткен тәулікте Атырау облысының Құлсары қаласында су басқан үйлерден 240 мың текше метрге жуық су сорылды. 22 мың қап және 2,5 мыңға жуық инертті материал төселді. Ал Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында салынған бөгеттер нығайтылып жатыр.