Шағын және орта бизнес субъектілерінің жоғалған немесе бүлінген мүлкі үшін өтемақы төленеді. Ұлттық экономика министрлігі Қаржы министрлігімен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және зардап шеккен өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп шығынды өтеудің схемасын әзірледі. Кәсіпкерлер өтемақы алуға өтініш бермес бұрын келтірілген шығынды бағалап, өтемақы мөлшерін анықтауы қажет.
Өтелетін шығындарға мыналар жатады: Жылжымайтын мүлік, тауарлық-материалдық заттар және жылжымалы мүлік. Төлемдер өңірлердегі мемлекеттік бюджет қаражатынан және бюджеттен тыс қорлардан бөлінеді. Жоғалған тауарлық-материалдық заттар үшін өтемақы көтерме жеткізушінің сатып алу бағасы бойынша жүзеге асырылады. Бағалау немесе ілеспе аудиторлық қызметтерді жүргізуге байланысты қызметтерге ақы төлеу, қалпына келтіру жұмыстарына, адвокаттардың қызметтеріне сметалар жасау және шығындарды есептеу әкімдіктер есебінен жүргізіледі. Шағын және орта бизнес субъектісі өтемақы сомасымен келіспеген жағдайда, залал мөлшері сот сараптамасы негізінде айқындалады. Өтемақыға өтініштер 2024 жылдың 30 қарашасына дейін қабылданады.
Нұрсұлтан Тілектес