Шағын және орта бизнес өкілдері қазіргі жағдайға бейімделудің жолын тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шағын және орта бизнес өкілдері қазіргі жағдайға бейімделудің жолын тапты

14.04.2020

Өскемен қаласындағы қоғамдық тамақтану орындары тұрғындарға тікелей қызмет көрсетуді доғарып, тағамды үйге жеткізе бастады. Өйткені, 2 сәуірден бастап Шығыс өңірінде короновирустың таралуына жол бермес үшін шектеу шаралары еңгізілген. Сондықтан шағын және орта бизнес өкілдері қазіргі жағдайға бейімделуіне тура келіп тұр.

Пандемия әлем бойынша дайын ас жеткізу нарығына үлкен серпіліс әкелді. Клиентін жоғалтқысы келмеген кәсіпкерлер үшін қазір қызметтің нақ осы түрі тығырықтан шығудың бір жолы іспеттес. Тамаққа тапсырыс берген адамдардың көбі үйіне пицца алдыртады.

Ахмет Алпсойдың кондитерлік өнімдер шығаратын цехы да бар. Тәтті тағамдардың өндірісін бастау үшін былтыр барлығы 35 миллион теңге несие алған. Төтенше жағдайға байланысты кәсіпкерге несиені кейін төлеуге мүмкіндік берілді. Бұл осындай сын сағатта бизнесті қолдауға бағытталған өте дұрыс шешім екенін айтады ол.

Берік КӨШЕРБАЙ


Хабарламаларға жазылу