Жалпы Атырау қаласымен бірге Құрманғазы ауданында бөгет салу жұмыстары әлі жалғасуда. Өткен тәулікте ұзындығы 300-ге метрге жуықтайтын бөгет салынған. Мұны Төтенше жағдай министрлігі хабарлады. Ал ел бойынша су жайылған өңірлерден 51 мыңнан астам адам үйіне оралды. Уақытша орналастыру пунктерінде қазір 5 мыңнан астам адам қалды. Есіл өзенінің су деңгейі бақылауға алынған. Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында бөгеттерді нығайту жұмыстары да тоқтаған жоқ.
Аида Ахметбек