Алматыда соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілді

08.05.2024

Ардагерлерді ардақтау – ұрпаққа аманат. Бүгін Жеңіс мерекесіне орай Алматыда қарияларға құрмет көрсетілді. Қала билігі қан майданды өткерген көзі тірі 43 соғыс ардагеріне барып, Мемлекет басшысының атынан құттықтады.

Уақыт өткен сайын сұрапыл соғысты бастан өткерген ардагерлеріміздің қатары сиреп барады. Ғасыр жасаған санаулы майдангредің бірі - Иван Бегунов. Ол 1925 жылы Украина қаласында дүниеге келген.

Ақтөбе облысынан Кеңес әскері қатарында қызмет атқарып, сол жерден майданға аттанған. 228-ші гвардиялық Атқыштар полкінің құрамында соғысқан.
101-ші гвардиялық дивизиясы қатарында болып, Беларусь майданындағы қиян-кескі ұрысқа қатысады. Майданда ерлігімен көзге түсіп, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған.
Леонид Подколзин, соғыс ардагері:
Бізге жеңісті жақындатқан сенім еді. Мен қаршадай қыздардың қолына қару алып, жаудың бетін қайтарғанын, ерлік көрсеткенін өз көзіммен көрдім. Соғысқа қатысқандардың барлығының еңбегін ұмытуға болмайды. Тіпті бізді керек-жарағымызбен қамтамасыз еткен, тылда жүріп, еңбек еткендердің де соғысты жеңуге ықпалы болды.
Майдангер соғыс аяқталған соң 1951 жылы елге оралып, зейнетке дейін инженер-механик болып жұмыс істейді. Ол отты жылдардағы ауыртпалықты қағаз бетіне түсіріп отырған. Қария құнды қолжазбаларын жинақтап, кітап етіп шығарыпты.
Людмила Хлапкова, ардагердің қызы:
Ол соғыс жылдарында да, елге оралғаннан кейін де өлең жазды. Әкемнің талай жазбасы газет-журнал беттеріне жарияланды. Бұған дейін бір кітабы жарыққа шықты. Қазіргі жинағына да жаңа туындылары еніп отыр. Әкем әлі күнге дейін өзі жазып, өзі оқиды.
Жүзге жақындап қалған қарияның бір ұл, бір қызынан 3 немере, 4 шөбере тараған. Ардагер «Бейбітшіліктің бағасын біліп, соғыстың бетін көрмеңдер», - деген ақ тілегін жеткізді.

Айдана Қуантхан

Хабарламаларға жазылу