Бразилияны жайлаған алапат су тасқынынан 78 адам қаза тапты. Мұндай күшті тасқын елде соңғы 80 жылда болмаған. Табиғи апаттан Риу-Гранди-ду-Сул штатындағы 500-ге жуық қаланың 3/1-і зардап шекті. Өңірде мыңдаған адам ассыз, сусыз қалған. 115 мыңнан астам тұрғын үйлерін тастап кетті. Нөсер жауынмен қоса лай көшкіні жүріп, бөгет пен шағын су электр станциясына зақым келген. Қазір су басқан аймақта құтқару жұмыстары жүріп жатыр.
Арай Төлегенқызы