Атырау облысында су тасқынына байланысты ТЖ режимі әлі сақталып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында су тасқынына байланысты ТЖ режимі әлі сақталып отыр

05.05.2024

Атырау облысында су тасқынына байланысты 7 сәуірде енгізілген ТЖ режимі әлі де сақталып отыр. Мысалы, Құлсары қаласында 100-ден астам үй әлі су ортасында тұр.

ТЖМ мәліметінше, 2 815 үйден су сорылған. «Өңірдегі эвакуациялық пункттерде 769 адам бар. Олардың 430-ы балалар. Құлсары қаласында Төтенше жағдайлар министрлігінің ақтөбелік әскери қызметшілері қоғамдық орындарды дезинфекциялап жатыр. Ауру тудыратын микроорганизмдер мен олардың токсиндері таралмауы үшін 20 982 әскери бөлімінің радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау ротасының жиынтық құтқару тобы жұмыс істеп жүр», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Жалпы ел бойынша 50 мыңға жуық адам үйлеріне оралған. 6 мыңдай адам эвакуациялық пункттерде өмір сүріп жатыр.

Шығындарды өтеуге келейік.

4 мамырдағы есеп бойынша Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, жалпы зардап шеккен облыстардың тұрғындарынан 24 835 өтінім қабылданған. 100 АЕК көлеміндегі біржолғы өтемақы 16 168 отбасына берілген.(жалпы сомасы шамамен 5.7 млрд тг)

Су тасқынынан 11 865 тұрғын үй мен 24 386 саяжай зардап шеккен.

Ақмола: жеке тұрғын үй – 996, көпқабатты тұрғын үй -28;

Атырау: жеке тұрғын үй -2 973, саяжайлар-30;

Ақтөбе: жеке тұрғын үй - 1 392, саяжайлар-3 181;

Қостанай: жеке тұрғын үй – 1 147; саяжайлар-2 978;

БҚО: жеке тұрғын үй - 1 311, саяжайлар-15 166;

СҚО: жеке тұрғын үй -3 855, саяжайлар - 3 031;

Қарағанды: жеке тұрғын үй -60;

Павлодар: жеке тұрғын үй -38;

Ұлытау: жеке тұрғын үй -22.

Қазірге дейін өңірлерде 4556 тұрғын үй тексеріліп, 2845 нысанды бағалау жұмысы жүргізілген. 530 үйді жөндеу басталып, оған 696 млн теңгеден астам қаражат бөлінген.

Ал, Ақмола, Қостанай, Қарағанды және Павлодар облыстарындағы 53 отбасына жаңа үй мен пәтер берілген.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің хабарлауынша, 5 өңірде (Ақтөбе, БҚО, Қарағанды, Павлодар, СҚО) 34 мердігер компания 398 үй салуға кіріскен.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жаңа тұрғын үй құрылысын аяқтау мерзімін бекітті. Мысалы, аумағы 80 шаршы метрлік үйді 1.5 айда, ал 160 шаршы метр жартылай жеке үйді 2.5 айда салып бітірмек.

Жауапты министрлік тұрғын үйлерге қатысты шығынның жалпы сомасы су тасқынынан зардап шеккен үйлерге техникалық тексеру толық аяқталған соң белгілі болатынын айтты.

Ал, тасқын салдарынан төрт-түлігінен айырылған азаматтарға 916 млн теңге төленген. Ақтөбе мен БҚО бойынша есеп бар: Ақтөбе облысында 3232 бас, БҚО-да 2399 бас мал өлген.

Ақтөбе:өлген мал саны: 3232 бас

Өтемақы төленген немесе заттай берілген мал басының саны:1175

Төленген жалпы сома: 212 млн 800 мың теңге

БҚО: өлген мал саны: 2399 бас

Өтемақы төленген немесе заттай берілген мал басының саны:1000

Төленген жалпы сома:126 млн 912 мың теңге


Хабарламаларға жазылу