СҚО-ның Прибрежное елдімекеніне гуманитарлық көмек қайықпен жеткізіліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-ның Прибрежное елдімекеніне гуманитарлық көмек қайықпен жеткізіліп жатыр

02.05.2024

Ақмолалық құтқарушылар Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Прибрежное елдімекеніне қайықпен гуманитарлық көмек жеткізіп жатыр. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Есіл өзені арнасынан асқандықтан, ауыл үш аптадан бері су құрсауында тұр. Қауіпті аймақтарда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Арнайы штаб жағдайды қатаң бақылауда ұстап отыр. Су ортасында қалған ауылдан тұрғындар күн сайын жұмысқа қайықпен тасымалданып жатыр. Ақмолалық құтқарушылар үш күнде 200-ден астам адамды арғы бетке шығарған.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу