Солтүстік Қазақстан облысындағы Прибрежное ауылы су құрсауында қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысындағы Прибрежное ауылы су құрсауында қалды

17.04.2024

Солтүстік Қазақстан облысындағы Прибрежное ауылы өткен аптадан бері су құрсауында тұр. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тасқыннан зардап шеккен елдімекенге тікұшақпен жетіп, тұрғындармен кездесті. Ол көпшілікке мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетілетінін жеткізді. Прибрежное - Петропавл қаласынан 10 шақырымда орналасқан. 600-ге жуық отбасы бар. 225 үйді су басты. Қауіпті аймақтан 1400 тұрғын эвакуацияланды.

Нартай Молдахметов, Прибрежное ауылының тұрғыны:

1-2 сағаттың ішінде шеткі көшелерді басып кетті. Біз учаскелік полицей екеуміз 2 кісіні құтқарып үлгердік. Өзінің малын құтқарып жатқан кезде. Екі рет қайықпен айналып шықтым, үйге кірдім. Лота белден су. Ішінде қалған нәрсе, қалды енді.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу