Непалға гуманитарлық көмек жеткізіліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Непалға гуманитарлық көмек жеткізіліп жатыр

06.11.2023

Үндістан алапат зілзаладан зардап шеккен Непалға гуманитарлық көмек жеткізіп жатыр. Сол жәрдемде дәрі-дәрмек пен өзге де қажеттіліктер бар.

Айта кетсек, бұл оңтүстіказиялық мемлекетте қуаты 6,4 баллдық жер сілкінісі жұма күні болды. Одан Джаджаркот және Рукум аудандарында 157 адам қаза тауып, жүздеген тұрғын жараланды. Қазір жермен-жексен болған аудандарда іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу