Қазақстандық спортшыларға көрсетілетін психологиялық көмекті әлі де жетілдіре түсу керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық спортшыларға көрсетілетін психологиялық көмекті әлі де жетілдіре түсу керек

26.08.2019

Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Серік Сәпиев баспасөз конференциясы кезінде осылай деді. Әр жарыстың алдында қатысушы техникалық-тактикалық дайындықтан бөлік психологиялық сабақ алуы керек. Қазір елімізде кей спортшылармен психологтар тұрақты жұмыс істесе, кейбір федерацияда мұндай маман мүлде жоқ. Мәселені шешуде өзге елдердің тәжірибесі де зерттеліп жатыр.

Серік Сәпиев, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы:

Мен психолог әр спортшымен жеке жұмыс істеуі керек деп ойлаймын. Жаттықтырушылардың өздерін спорттық психологияға үйреткен ұтымды болады деп ойлаймын. Олар көбіне тек физикалық, тактикалық дайындыққа мән береді. Ал спортшы толық ашылуы үшін оның жан дүниесін де дайындау маңызды. Сонда біз бүгінгіден де үлкен жетістіктерге жетеміз.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ


 

Хабарламаларға жазылу