Алаяқтар су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтардың атына несие рәсімдеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алаяқтар су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтардың атына несие рәсімдеген

29.04.2024

Алаяқтар су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтардың атына несие рәсімдеген. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы полициясы хабарлады. Оларға осындай шағым түскен. Мемлекеттен төлем жасаймыз деген желеумен тасқыннан зардап шеккендерге әлдекім қоңырау шалғанын мәлімдеді. Оңай пайда тапқысы келгендер өздерін жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері немесе еріктілер деп таныстырған. Осылай ұялы телефондарына SMS арқылы келген құпиякодты айтуды сұрайды. Осылайша несие рәсімдейді.

Мұндай фактілер бірнеше облыста анықталған. Осына ескерткен полиция алақтардың айласына түспеуге кеңес береді. Сонымен қатар бейтаныс нөмірлерден келген бейнеқоңырауларға жауап бермеуге шақырады.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу