Су тасқыны: Салық төлемдері 1 шілдеге дейін шегеріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су тасқыны: Салық төлемдері 1 шілдеге дейін шегеріледі

15.04.2024

Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтардың салық төлемдері 1 шілдеге дейін шегеріледі. Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті «Ашық Нормативтік Құқықтық Актілердің» интернет-порталында тасқыннан зардап шеккен адамдардың салық төлемдерін реттейтін бұйрық жобасын жариялады. Оған сай, 2024 жылдың бірінші шілдесіне дейінгі барлық салықтар, 1 наурыз бен 30 маусымға дейінгі бюджетке берілетін міндетті төлемдер, есеп беру мерзімдері, берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары шілдеге дейін тоқтатылады делінген. Құжат жобасы 29 сәуірге дейін ашық талқылауда болады.

Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу