Су тасқыны: 39 254 адам үйіне оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су тасқыны: 39 254 адам үйіне оралды

28.04.2024

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі: Атырау жіті назарда. Министрліктің өкілі Асқар Шәріптің айтуынша, жағалауды бекіту жұмысы тоқтаған жоқ. Дронмен мониторинг жүргізіліп отыр. Насос станциялары тартылған.

Жалпы ахуалға келсек, еліміз бойынша үйлеріне 39 254 адам оралған. Эвакуациялық пункттерде 6 727 адам өмір сүріп жатыр. Құзырлы органдар Атыраудан бөлек, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарын бақылап отыр.

Адамдарға өтемақы төлеу, мал шығынын жабу, үй салып беру, сатып алып беру басталып кетті.

Жұмада ресми ақпар берілген, ол бойынша былай:

Су тасқынында келтірілген залалды өтеу бойынша Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және республиканың басқа да бірқатар облыстарында 21658 өтінім қабылданған.

26 сәуірдегі жағдай бойынша 12 642 отбасы 100 АЕК мөлшерінде (шамамен 4,5 млрд тг) біржолғы төлем алды.

Өлген малдың қазіргі шығыны шамамен 211 млн теңгеден асты.

Зардап шеккен өңірлерде 3871 тұрғын үй тексеріліп, 468 үйді жөндеу үшін 645 млн теңгеден астам қаражат бөлінген.

Қазірге дейін қанша ақша жиналды деген сұраққа Қаржы министрлігі жауап бермей тұр. «Демеу Қазақстан Қорына» да қанша түскені туралы мәлімет тапппадық.

Ал «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚҚ КЕЛІП ТҮСКЕН АҚШАНЫҢ ЕСЕБІ:

1- 26 сәуір аралығында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жеке және заңды тұлғалардан 4.725 млрд теңге қаражат түсті.

Заңды тұлғалар - 4 233 562 271.

Жеке тұлғалар - 491 475 535.

Жалпы қаржы көлемі: 4 млрд 725 млн теңгеден асқан. 

Еліміздегі су тасқыны салдарымен күреске үлесін қосқан кәсіпкерлер мен компанияларға келсек, белгілілері мынша тастапты. 

- Бастапқыда KAZ Minerals Тобы мен «Қазақмыс Корпорациясы» - 800 миллион теңге, RBK банк- 150 миллион теңге бөлген. Кейін «Қазақмыс», KAZ Minerals, «Алтын Алмас», «Қаражыра», RBK Bank бірігіп- 40 млрд теңге аударған.

Алғашында су тасқынынан зардап шеккендерге 1 миллиард теңге жіберген Тимур Құлыбаев кейін көмекті 30 млрд теңге көбейткен. 

- BI Group компаниясының бөлген қаржысы 500 млн теңгеден басталған. Қазір, 5.5 МЛРД ТГ жетті. 

- «Банк Центр Кредит» АҚ алғашында 200 млн, кейін 5.5 млрд теңге аударған. 

- Halyk bank басында 500 млн, кейін тағы 1 млрд тг бөлді. 

- Chevron компаниясы-3 млн доллар.

ERG- 40.5 млрд теңге

- Вячеслав Ким, Михаил Ломтадзе- 20 МЛРД ТГ 

- «Самұрық-Қазына»- 15 млрд теңге

- Болат Өтемұратов- 10 млрд теңге

- Нұрлан Смагұлов- 6.1 млрд теңге

- Allur- 3.2 млрд теңге

- «Теңізшевройл»- 2 млрд теңге

- Кеңес Рақышев, Әсел Тасмагамбетова- 1.2 млрд теңге



Хабарламаларға жазылу