Төтенше жағдайлар министрлігі, еліміздегі су тасқынына байланысты соңғы ақпараттармен бөлісті.
Бүгінде республика бойынша 61 мыңнан астам тұрғын үйлеріне оралды. Әлі 5 498 адам эвакуациялау пункттерінде тұрып жатыр. 11 мыңнан аса тұрғын үй мен 3 600 аулаға, қауіп төндірген су басқа арнаға бұрылған. Сондай-ақ, 24 млн 400 мың текше метр еріген қар суы сорылды. 8 млн қапшық және бір жарым млн тонна инертті материал төселді.
Тәуірбек Бозекен
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Су тасқыны: 61 668 адам үйіне оралды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/194134/)