Су тасқыны болған аймақтардағы 37 мыңға жуық адам үйіне оралды. Эвакуациялық орталықтарда 7 мыңға жуық адам тұрып жатыр. Төтенше жағдай министрлігінің дерегінше, су тасқыны басталғалы бері 119 мыңнан астам адам эвакуацияланған. Оның 45 мыңға жуығы бала. Республика бойынша бүгінде 37 мыңға жуық адам өз үйіне оралды. Қазір звакуациялық орталықтарда 7 мыңға жуық адам бар. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 27 мыңнан астам адам жұмылдырылды.