Қазақстан – Орталық Азия елдері бойынша стандарттық білім беру орталығына айналу мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан – Орталық Азия елдері бойынша стандарттық білім беру орталығына айналу мүмкін

29.09.2023

Қазақстан - Орталық Азия елдері бойынша стандарттық білім беру орталығына айналу мүмкін. Президенттің Германияға сапарына қатысты сарапшы пікірі - осы. Қазақстанда Германиядағы бірнеше оқу орындары ашылмақ.

Бекжан Сыдықов, ҚР Президенті Жанындағы Қсзи Еуропалық Және Америкалық Зерттеулер Бөлімінің Басшысы:

Президентің сапары еліміздің экономикалық және саяси жағдайдың өзгеруіне алып келеді. Өйткені кездесу барысында бірнеше мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, білім саласы, көміртекті даму экономикасы, көлік логистикалық жүйе мен транспорт талқыланды. Менің ойымша, алда Қазақстан Орталық Азия елдер бойынша, стандарттық білім беру алаңына айналу мүмкін.Өйткені Германиядағы бірнеше оқу орндар бізде ашылмаақшы. Мәселен Ақтау мен Өскемен қаласында жоспарлануда. 


Хабарламаларға жазылу