Қызылорда облысының барлық ауданында «Руханият» орталығы бой көтереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысының барлық ауданында «Руханият» орталығы бой көтереді

25.04.2024

Биыл Қызылорда облысының барлық ауданында «Руханият» орталықтары салынады. Соның алғашқысы Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде бой көтеріп, құрылысы басталды. Іргелі бастамаларға Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген Мәжіліс депутаттары куә болып, елдің қуанышына ортақтасты.

Аудан орталықтарындағы мұражай, мұрағат, кітапхана ғимараттары әбден ескіріп, тозып тұр. Елдің тарихи-рухани мұрасын әспеттеп, кеңінен дәріптеу бағытында биыл өңірде «Руханият» жылы деп белгіленді. 7 аудандА заманауи орталық салуға 11,5 миллиард теңге қаржы қаралған. Келешекте мұнда кітапхана тәулік бойы жұмыс істейді.

Нұрлыбек Нәлібаев, облыс әкімі:

Қуатты өңірлер ел дамуының драйвері» бағдарламасы аясында Сырдария ауданында 82 пәтердің кілті табысталды. Жайлы мектеп ұлттық жобасы аясында Тереңөзек кентінде жақын күндері жаңа мектептің құрылысы басталады.

 Күріштік алқапқа алғашқы дән себілді

Ал Сыр диқандары күріштік алқапқа алғашқы дән септі. Биыл облыста 78 мың 600 гектар жерге дақыл егілмек. Бұл былтырмен салыстырғанда 5800 гектарға аз. Жылдан жылға су тапшылығынан күріштік алқап қысқарып келеді. Бүгінде шаруалар су үнемдеу технологияларын кеңінен қолданып, егінді әртараптандыруға көшті.

Дархан Ералиев, шаруашылық директорының орынбасары:

Биыл су көлемінің азаюына байланысты екі дизельді мотор, үш тоқпен жұмыс істейтін матор алынды. Онымен қатар барлық жерлер лазерлік скрипермен тегістеліп, суды үнемдеуді барлық жағдайлары жасалып отыр.

Дала төсіндегі жиында бірқатар ұсыныстар қолдау тапты. Бау-бақша, көкөніс егуге ынталы адамдарға ауыл-аймақтан жер телімдері беріледі. Сондай-ақ, ауылшаруашылығы саласын цифрландыру бойынша да шетелдік инвесторлармен диқандар әріптестік байланыс орнатып, меморандумға қол қойды.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу