Құлсары қаласында ауыз су таза: Мамандар сынама алды
Құлсарыда ауыз су таза. Судан сынама алған мамандар осындай қорытынды жасады. Қалада тасқыннан кейін залалсыздандыру жұмыстары басталды.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Құлсары тасқыннан кейін қалпына келтіріліп жатыр. Бүгінге дейін 1 млн текше метрден астам су сорылған. Соның нәтижесінде 1 345 тұрғын үй, 55 әлеуметтік нысан судан тазартылып, Құлсарыда тұрғындар үйіне оралды. Қарғын су зираттың ішімен өтіп, тұрғын-үйлерге жайылған еді. Қауіптенген жұрт баспанасына кіруден бас тартып, тіпті краннан ағатын суды да пайдаланбады. Осыған байланысты қазір мамандар үй-үйді аралап дезинфекциялап жатыр. Бұған 3 мекеменің қызметкерлері мен техникалары жұмылдырылған.
Талғат Хабибуллин, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы:
Бүгінгі күнге 321 зерттеуге сынама алынып ауыз сулардан оның 280-нің қорытындысы шықты. Барлығы таза. Қазіргі уақытта алаңдаушылық жоқ. Айта кететін бір жағдай ауызсу Жем өзенінен емес, Қиғаш бойынан КТК арнасы су желісімен келеді. Содан кейін магистралды су ағызу қондырғысында тазалаудан өтіп, халыққа беріліп отыр.
Зардап шеккен отбасыларға 1,2 млрд теңге төленді
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Зардап шеккен тұрғындарға уақытша пәтер жалдау жалдау үшін 100 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі бір реттік төлем мен басқа да қажеттілігі үшін көмек көрсетіліп жатыр. Жалпы 3,5 мыңдай өтініш түсіп, басым бөлігіне жергілікті бюджеттен 1 млрд 200 млн теңге төленді. Тасқын судан келген залалды анықтау мақсатында әкімдік жанынан комиссия құрылған. Арнайы мекемелер су басқан нысандарда техникалық зерделеу және бағалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да көпірлердің техникалық жағдайы тексеріліп жатыр
17.09.2025, 20:42

Алматыда қала көшелері су астында қалды
17.09.2025, 20:19
Интернет алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
17.09.2025, 20:19
Елімізде архив қызметкерлерінің жалақысы өседі
17.09.2025, 20:15
Болашақтың айқын бағдары
17.09.2025, 20:08
Интернетте экстремистік идеялардың таралуына қарсы тұру маңызды
17.09.2025, 20:07
Astana Motors: көлік бағасы арзандады
17.09.2025, 20:06
Астана - әлемдік дін көшбасшыларын біріктіретін алаң
17.09.2025, 20:03