Түркітілдес елдердің кинофестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркітілдес елдердің кинофестивалі өтті

24.04.2024

Кино – ел мен елді, ұлттар мен ұлыстарды жақындастыратын ерекше өнер. Анкарада өткен түркі халықтарының кинофестиваліне жиналғандар осылай дейді. Қазақстан, Түркия, Қырғызстан мен Өзбекстанның жас режиссерлері «Shymkent Film» фестивалінде қысқаметражды туындыларын көрерменге ұсынды. Бұл фестивалдің негізгі мақсаты-түркі мемлекеттерінің жас киногерлерін қолдау, байланыс орнату, өзара тәжірибе алмасу. Фестиваль-байқаудың нәтижесінде бірінші орынды қырғызстандық режиссердің туындысы иеленсе, екінші орынды қазақстандық, ал үшінші орынға түркиялық киногердің шығармасы лайық деп танылды.

Рақымжан Қалдыкөз, «Shymkent film» фестивалінің ұйымдастырушысы:

Бұл фестиваль 2019 жылы Шымкентте құрылды республика көлемінде. Кейін бізге ой келді жалпы түркітілдес мемлекттер арасында халықаралық дәрежеде құрғымыз келді. Енді ойымыз бар биыл Анкара қаласында өтіп жатса, бұдан кейін Қырғызстанда Бішкек қаласында, Қазақстанда Шымкент қаласында, Әзірбайжанда Баку қаласында өзінің дәстүрлі жалғасын тауып отырады.

Айдос Әшімұлы


Хабарламаларға жазылу