Түркітілдес елдердің еңсесі биіктей бермекші - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркітілдес елдердің еңсесі биіктей бермекші

21.11.2014
Түркітілдес елдердің еңсесі биіктей бермекші

2014 жылы түркі әлемінің мәдени астанасы болған Қазан қаласы бұл міндетті Түркіменстанның Мары шаһарына өткізді. Бүгін Татарстан астанасында   бас қосқан түркітілдес мемлекеттердің Мәдениет министрлері осындай шешімге келді.

Сонымен қатар, жиынға қатысушылар Түркі мәдениеті халықаралық ұйымының 2017 жылға дейінгі бас хатшысын қайта сайлады.

2014 жыл ТҮРКСОЙ ұйымы үшін табысты болды. Түбі бір түркі баласының әдебиеті мен мәдениеті жыл бойы ұлықталды. ТҮРКСОЙ-дың іс-шаралары, оның құрамындағы 6 мемлекет пен 8 бақылаушы елдің аумағында тұтастай өтті.

Әлбетте, Қазан қаласы түркі дүниесінің мәдени астанасы ретінде үлкен істің басы-қасында болды. Есесіне түркі мемлекеттерінің аймақаралық байланысында Қазақ елі ерекше белсенді болды.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу