Алматыда 200-ден астам тұрғынды кене шаққан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 200-ден астам тұрғынды кене шаққан

24.04.2024

Алматыда көктем келіп, күн жылынғалы 200-ден астам адамды кене шаққан. Оның 126-сы 14 жасқа дейінгі бала. Барлығы бірден ауруханаға жеткізіліп, кене энцефалитіне қарсы екпе салынған. Көбін қауіпті жәндік табиғат аясында серуендеп жүргенде және қаладағы үйлердің бау-бақшасында шаққан. Мамандар, кене мамыр және маусым айларында қаптайтынын ескертіп отыр. Ал жәндіктерді жою үшін 1-ші сәуірден бастап айналаны зарарсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр.

Бибігүл Нұрғалиева , қалалық СЭБД инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы:

Кене энцифалитінің алдын алудың бір тәсілі кене энцифалитіна қарсы вакцинация болып табылады, вакцинация бізде барлық қалалық емханаларда жүргізіледі, ол 3 вакцинациядан тұрады. 1 және 2 екпе бізде қыс айларында жүргізілуі тиіс. Сонымен қатар олардың арасы 1 айдан 3 айға созылады. Бұл 1-ші вакцинация курсы деп аталады, 3 жылдан кейін алғашқы ревакцинация жүргізіледі.

Әйгерім Ердәулет


Хабарламаларға жазылу