Алматыда кене шаққан 40 шақты қала тұрғыны дәрігерге жүгінген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда кене шаққан 40 шақты қала тұрғыны дәрігерге жүгінген

04.05.2022

Алматыда кене шаққан 40 шақты қала тұрғыны дәрігерге жүгінген.

Мамандардың айтуынша, кене сәуір айынан бастап, маусым тіпті, қазан айына дейін қауіпті. Сондықтан табиғат аясына шыққанда қауіпсіздік ережелерін сақтау өте маңызды, ең дұрысы жәндікке қарсы вакцина салдырған жөн, дейді дәрігерлер.

Бауыржан Омаров, қалалық Шұғыл көмек көрсету ауруханасының бөлім меңгерушісі:

Барлық науқастарға кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин егілді. Олардың барлығы кененің қайда шағып алғанын түсіндірді. Бұл Медеу, Көктөбе, Көлсай, Шымбұлақ, Алма-Арасан, Бутаковка және аудандық саяжайлар аумағында болды.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу