Бүгінде өңірлерде су тасқынына қарсы іс-шаралар,яғни азаматтарды құлақтандыру, тасқынның салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр. Төтенше жайдайлар министрлігінің ресми өкілі Асқар Шәріптің айтуынша, тасқыннан зардап шеккен аймақтарда 25 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралған. 8 мың 700-ден астам тұрғын эвакуациялық пунктерде тұрып жатыр. Айта кетейік, оның 3 мың 800-ден астамы - бала. Тасқыннан зардап шеккен аймақтарға инертті материалдармен қоса, топырақпен толтырылған қапшықтар жеткізіліп, төселіп жатыр. Апаттық-құтқару жұмыстарына 32 мыңнан астам адам жұмылдырылған.