Орал қаласындағы Жайық өзенінің деңгейі 8 метрден асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орал қаласындағы Жайық өзенінің деңгейі 8 метрден асты

22.04.2024

Ресейдің Орынборынан шыққан нөпір су Батыс Қазақстан облысына сәуірдің 22-сі, яғни бүгін, ал Атырауға 28-і ойысады деген болжам бар. Соңғы мәліметке сай,

Орал қаласындағы Жайық өзенінің деңгейі 8 метр 62 сантиметр болды. Қауіпті деңгей 850 сантиметр. Нөпір су алдымен Орынборға шекаралас жатқан Бәйтерек ауданындағы Январцево ауылына бірінші болып жетеді. Елдімекендегі Жайықтың деңгейі күн сайын 30 см-ге көтеріліп жатыр.

Қаракөз Тұрмағанбет


Хабарламаларға жазылу