Индер ауданында Жайық өзенінің деңгейі 10 метрден асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индер ауданында Жайық өзенінің деңгейі 10 метрден асты

10.05.2024

Батыс Қазақстан облысымен шекаралас Атыраудағы Индер ауданында Жайық өзенінің деңгейі 10 метрден асып кетті. Қауіпті меже 845 см болған. Қазір штаб күшейтілген режимге көшіп, тұрғызылған бөгетті нығайту мақсатында қайта бекітіп жатыр. Ал қалада қауіпті деңгейге 20 см-дей қалды. Өңірдегі ахуалды Жандос Темірғали баяндауға әзір тұр.

Жандос Темірғали, тілші:
Біз қазір қала аумағындағы аса қауіпті учаскенің бірінде тұрмыз. Бұл – Алмалы ауылының маңы. Нөпір су арнадан асып, мына биіктігі 6, ұзындығы 5 шақырымды құрайтын бөгетке келіп тірелді. Мұнда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Жаға басына бекітілген адамдар жағдайды сағат сайын жедел штабқа хабарлап отыр. Әзір елдімекенге төніп тұрған қауіп жоқ. Бірақ, мамандар босаңсуға болмайды деп отыр. Өйткені ағыс күшейіп, су деңгейі тоқтаусыз көтеріліп жатыр. Тасқынға қарсы шараларды ғылыми түрде зерттеп жатқан ғалымдар тобының өкілі Арман Жұмағазиев атқарылып жатқын жұмыстарды жеткізді.
Жандос Темірғали, тілші:
Қала бөлігіндегі гидробекетте Жайық деңгейі 5 метрден асты. Қазір кейбір учаскелердегі бөгеттің осал тұсы қайта нығайтылып жатыр. Жалпы өңірде 522 шақырым жаға бекітілді. Оған 5 млн-нан астам қапшық жұмсалды. Егер бөгет бұзыла қалған жағдайда хабарласу үшін 112 және 109 нөмірі арқылы жедел желі іске қосылды. Қаланың өзінде 10 мыңнан астам эвакуациялық орын әзір тұр.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу